Мақсат 9: Индустриализация, инновациялар мен инфрақұрылым
БҰҰ-ның Тұрақты Даму Күн Тәртібінің 9-мақсаты 2030 жылға қарай тұрақты инфрақұрылымды құруға, инклюзивті және тұрақты индустрияландыруға жәрдемдесуге және инновацияларды ынталандыруға бағытталған. Бұл технологиялық дамуды қолдауды, ғылыми зерттеулерді және өнеркәсіптік өнімділікті арттыруды қамтиды. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университеті ғылыми жобаларды, технологиялық бастамаларды және білім беру мен салалық ынтымақтастықты нығайтатын инновациялық бағдарламаларды қолдау арқылы өз үлесін қосуда.