Жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Алаш рухы Қазақ мемлекетімен бірге мәңгі жасайды
17.06.2023«Баршаңызға мәлім, қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен «авторы Жүсіпбек Аймауытұлы» деп көрсетілген шығарма табылды. Мұны екі дерек көзі растап отыр.
Президент: Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым
17.06.2023«Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Мен былтыр наурыздағы Жолдауымда осы құрылтайды шақыру туралы бастама көтердім. Бұл қадам қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалды. Сондай-ақ мұнда ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелер талқыланады.
ҚазҰУ-да «Тілдер мен мәдениеттерді оқытудағы жаңа трендтер» атты жазғы білім беру мектебі өз жұмысын бастады
17.06.2023Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тілдер мен мәдениеттерді оқытудағы жаңа трендтер» атты жазғы білім беру мектебі өз жұмысын бастады. Шара қазіргі тіл білімі мен әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі өзекті мәселелерді қамтиды.
ҚазҰУ-да Герольд Бельгерді еске алуға арналған шығармашылық шара өтті
17.06.2023Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тілдер мен мәдениеттерді оқытудағы жаңа трендтер» жазғы білім беру мектебі аясында белгілі қазақстандық жазушы, аудармашы және ойшыл Герольд Бельгерді еске алуға арналған шығармашылық шара өтті.
ҚазҰУ-да инклюзивті жазғы лагерь жұмысы басталды
16.06.2023Әл-Фараби кітапханасы базасында 8-14 жас аралығындағы балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған Camp for All атты инклюзивті жазғы лагерінің жұмысы басталды. Шараны философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ұйымдастырды.
Бадминтоннан ҚазҰУ құрамасы 1-орын алды
16.06.2023Ақтау қаласында ҚР ЖОО студенттері арасында өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бадминтоннан құрама командасы алтын медаль ұтып алды.
ҚазҰУ Париждегі Саяси зерттеулер институтымен бірлескен жобаларды іске асырады
16.06.2023Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Париждегі Саяси зерттеулер институты Тарих департаментінің директоры Сабина Диллэн (Sciences Po Paris) бастаған делегация келді.
ҚАЗҰУ-ДА ОҚУ СТЕНДТЕРІН ШЫҒАРУ БОЙЫНША СТАРТАП-ЖОБА ӘЗІРЛЕНДІ
16.06.2023Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдары «Әртүрлі мамандықтағы оқушылар мен студенттерге арналған оқу-зертханалық стендтер шығару» жобасын жүзеге асыруда.
«QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
16.06.2023Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №24 (1891) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.