Бауырлас елдің алғысы
18.10.2023
Көрулер: 116

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары, журналист, ақын Алмат Исәділ Түркітілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Саха Республикасының (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрлігі мен Якутия Жазушылар одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Алмат Исәділ 2023 жылдың 10-14 ақазан аралығында Саха Республикасы ((Якутия) Жазушылар одағы мен Солтүстік-Шығыс федералды университеті ұйымдастырған «Үлкен қардың игілігі» атты халықаралық поэзия фестиваліне қатысқан болатын.
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі