Республика күні құтты болсын!

25.10.2023

Көрулер: 120

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

қызметкерлері және студенттері!

 

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің Ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылған бұл күннің еліміз үшін маңызы зор.

Президенттің бұл бастамасы халықтың кең қолдауына ие болып, тиісті заңға өзгерістер енгізілді.

Азаттық рухын айшықтаған, ел тарихында ерекше орны бар бұл мейрамды биыл екінші рет ел болып  жаңа мазмұнда атап өтудеміз.

Осыдан 33 жыл бұрын 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «Егемендік туралы» Декларация қабылданды.

Бұл ­Қазақстан Тәуелсіздігінің алғышарты болған тарихи құжат.

Бүгінде елімізде Жаңа, Әділетті Қазақстан қалыптастыруда маңызды қадамдар жасалуда.

Ел Президенті «Адам мемлекет үшін емес, мемлекеттің игілігі адам үшін» қағидасын ұстанып, саяси-экономикалық, құқықтық, әлеуметтік реформаларды іске асырды.

Әлемдегі сын-қатерлерді ескере отырып еліміз ұлттық құндылықтарын жаңғыртып, жаңа бағытта дамуға бет бұруда.

Бұл бағытта білім, ғылым саласына үлкен жауапкершілік артылуда.

Біздің басты мақсатымыз­­ –­ ­Жаңа Қазақстанның білімді, әділетті, еңбекқор жастарын тәрбиелеп, ел болашағына қызмет ететін бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Көшбасшы университетіміз ұлы мақсаттарды еңсеріп, межелі белестерді бағындыра берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, білім, ғылым жолында мол табыстар тілеймін!

Халқымыздың еңсесі биік, еліміздің іргесі бүтін болсын!

 

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ