ҚазҰУ студенті жүзуден рекордты жаңартты
27.10.2023
Көрулер: 115

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Нұрдәулет Жұмағали 200 метрге кешенді жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Ол сондай-ақ IV Азия Паралимпиадасында өткен жарыстарда 100 метрге брасспен жүзуден бірінші келіп, алтын медалді қанжығасына байлады.
Спортшылар арасындағы жарыстар Ханчжоу қаласында өтті. Нұрдәулет жапондық және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсіп, 200 метр қашықтықты 2:16.74 уақытта еңсерді.
Жаттықтырушылардың айтуынша, ҚазҰУ студенті Азия параойындарында жаңа рекорд орнатты.
Паралимпиадада жалпы есепте Нұрдәулет Жұмағали команданың қоржынына екі алтын медаль жеңіп алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі