Университет мұражайына экскурсия жасады

13.11.2023

Көрулер: 83

Жаһандық өзгерістер жағдайында білім сапасы мәселесі өзекті болып қала береді. Өйткені алынған білім еңбек нарығына шыққанға дейін ішінара ескіреді. Республика күнінде Бизнес технологиялар кафедрасының оқытушы-про­фессорлар құрамы тұрақты дамудың төртінші мақсатын мере­келеу шеңберінде Алматы қаласы білім басқар­ма­сы­ның «№178 мамандандырылған лицей» КММ түлектеріне арналған Қазақ ұлттық университеті мұражайында ғылыми-ақпараттық экскурсия өткізді. Оның жұмысына э.ғ.д., до­цент М.Бейсенова, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор З.Ах­метова және мұражай басшысы А.Жабықпаева, гид Б.Қасымов атсалысты.

Іс-шараның мақсаты бо­ла­шақ мамандарды, атап айт­қанда логистер мен мар­ке­то­логтарға тиімді ғылыми-білім беру дайындығын қам­та­ма­сыз ету барысында уни­вер­ситеттің мәдени-тарихи құн­ды­лық­та­рын сақтауға және оған құр­метпен қарауға үн­деу еді. Жас білім алушылар елі­міздің даму тарихын, әсі­ресе Қазақ­стан­ның іргелі бі­лім беру меке­ме­лерінің бірі әрі бірегейі – Әл-Фараби атын­­дағы Қазақ ұлт­­тық уни­вер­ситетінің дәс­тү­рін білуге тиіс.

Университетіміздің бай та­ри­хын 5000-нан астам тарихи құнды құжаттар мен сирек кез­десетін мұражай экспо­наттары паш етіп тұр. Олар сөреде ше­бер және көркем орна­лас­ты­рылған. Мұражай кешенінің көлемі – 1000 шаршы метр. Тарих галереясы, Даңқ залы, университеттің тұрақты даму залы мұражайға келгендерді еріксіз сүйсінтеді. Мектеп тү­лек­тері сонымен бірге ғылым мектебімен, ғылымның түрлі салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын жетекші ғалымдармен таныс­ты.

ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі – елі­мізде экономикалық маман­дық­тар бойынша бакалавриат, магис­тратура және докто­ран­тура деңгейлері бойынша білікті мамандарды даяр­лай­тын іргелі білім және ғылым ор­талығы. Біздің жоғары мектеп қосдипломдық және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Роберт Шуман (Страсбург ме­нед­жмент мектебі), Amity (Үндістан) оқу орындарымен тығыз байланыстамыз. Ма­гис­тратурада Ресей халықтар достығы университеті, (РУДН) және Новосібір мемлекеттік университетімен (НМУ), УРФУ (Орал федералды уни­вер­ситеті), Люкс саласындағы ха­лық­аралық маркетинг мек­тебімен (Франция), UNIRAZAK (Малайзия), Public Administration and PublicSecurity оқу ор­да­ларымен бірлесе қызмет ат­қарамыз. Түлектеріміз ҚР Қар­жы министрлігінде, ҚР Ұлт­тық банкінде, қазынашылықта, екінші деңгейдегі жетекші банк­тердің, инвестициялық және сақтандыру қорларының топ-менеджменті құрамында, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, «Да­му» кәсіпкерлерді қолдау қо­рында, «Атамекен» ҰКП және басқа да көптеген компания­лар­да табысты еңбек ететінін мақтанышпен айтамыз.

ҚазҰУ жаңа ұрпаққа сапалы білім беріп, еліміздің патриот­тық рухы жоғары жастарын тәр­биелеу арқылы мемлекетті дамыту жөніндегі бағдар­ла­ма­ларды іске асыруға зор үлес қосуда. Университет ЭБЖМ, білім алушылар арасында елі­міздің орнықты дамуының мақ­саттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін лайықты элиталық білім алуға, сондай-ақ Қазақстанның ор­нықты экономикалық дамуына бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді. Осы жолы да №178 ма­мандандырылған лицей оқу­шылары ҚазҰУ-ға қонаққа келгендеріне дән риза болып, келешекте жоғары білім алуға университетке келетіндерін қуа­на жеткізді.

Әсел ӨСКЕЛЕҢОВА,

Бизнес технологиялар кафедрасының аға оқытушысы