ҚазҰУ студенті универсиадада алғашқы медальға ие болды
29.07.2023Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Жұбатқан Сұңғат Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан универсиадада дзюдо бойынша жекпе-жек сайыста қола медаль иегері атанды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Жұбатқан Сұңғат Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан универсиадада дзюдо бойынша жекпе-жек сайыста қола медаль иегері атанды.
Құрметті білім алушылар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті босаған білім беру гранттары туралы, сондай-ақ оларға сәйкес мамандықтар бойынша ақылы білім беру шартына қол қойған және талаптарға сай білім алушылар үміттене алатынын хабарлайды! Толық ақпарат үшін деканатқа хабарласыңыздар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бес спортшысы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін ХXXI жазғы дүниежүзілік студенттік ойындарға аттанды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансфері орталығының директоры Лю Хунчжи бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.
Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 30 студенті Алматы қалалық «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етті. Аталған бағдарлама елімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие беріп, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан игі жоба.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мемлекеттік Шығыс Қытай саясат және құқық университетінің (Ecupl, Шанхай қ.) делегациясы келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ресейдің Томск мемлекеттік университеті (ТМУ) Заң институтының директоры Ольга Андреева жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейман ҚазҰУ басшылығымен кездесіп, университет қалашығымен танысып, заң факультетін және Әл-Фараби кітапханасын аралады.
«Елімізде фармацевтикалық нарықты дамытуға қабілетті тамаша ғалымдар бар, олардың ойлап тапқан тиімді өнімдері көпшіліктің аузында жүр. Әйтсе де мемлекет пен жеке сектор мүддесі қажет деңгейде болмағандықтан, отандық дәрі-дәрмек өндірісі еңсесін тіктей алмай келеді. Қазір ішкі нарықтағы өнімнің 70-80 пайызы сырттан келеді. Бұл – мемлекеттік деңгейде ойланатын келелі мәселе», – дейді химия ғылымының докторы, профессор міндетін атқарушы Күнназ Мырзағұлова.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру гранттарына өтініш қабылдау қорытындысы бойынша 2452 талапкер құжат тапсырды. Оның ішінде 78 пайыз, яғни 1904 оқушы қазақ тілінде оқуға өтініш берсе, 548 талапкер немесе 22 пайызы орыс тілінде білім алу үшін конкурсқа қатысады. Тек үш талапкер ағылшын тілінде оқуға өтініш берген.
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Естеріңізге сала кетсек, кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.