Ыстамбұл қаласының Бакыркой аудандық сотының төрағасы ҚазҰУ-ға келді
21.07.2023Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Ыстамбұл қаласының Бакыркой аудандық сотының төрағасы, доктор Барыш Думан арнайы сапармен келді. Құрметті қонақты қарсы алған ҚазҰУ басшылығы университеттің тарихын, қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп, арнайы кампус-тур ұйымдастырды.