Жаңалықтар

Қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері талқыланды

06.06.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қансейіт Әбдезұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қансейіт Әбдезұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Ресейдің Орал федералды университетінің профессорлары ҚазҰУ оқытушыларымен кездесті

06.06.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералды университетінің профессорларымен ғылыми әріптестікті нығайту мақсатында кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Шенжен университеті медициналық білімді бірлесіп дамытуда

06.06.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Шенжен университеті Медицина мектебінің атқарушы директоры, профессор Синьцзи Сю (Хавьер) бастаған Қытай делегациясы келді. Олар ҚазҰУ мұражайын, Жағдаяттық басқару орталығын (СММ), биология және биотехнология факультетінің зертханаларын аралады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби бизнес мектебі ресейлік бизнес университеттерімен байланысты нығайтады

06.06.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Al-Farabi Business School директоры Жарасхан Сариев Ресейдің бірқатар бизнес университеттеріне жұмыс сапарымен барып, оқу орындарының өкілдерімен кездесті. Жүздесуде тараптар өзара тиімді ынтымақтастық келешегін талқылады.

Ары қарай оқу >>

Журналистік білім берудің жаңа бағыттары

05.06.2023

«Тұрақты даму мақсатында халықаралық журна­лис­тиканы оқыту модельдері (MTIJ)» атты халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік конференция биыл жетінші рет өтті. Халықаралық ұйымдар мен академиялық орта өкілдерінің, жергілікті практик мамандардың пікірлерін тоғыстырып, тәжірибе алмасуға мұрындық болған ғылыми платформаның өзегін инновациялық технологиялар мен өнімдер, мәдениетаралық дис­курс және олардың планетамыздағы шиеленісті әрі тұрақсыз жағдайдағы рөлі туралы тақырыптар құрады. 

Ары қарай оқу >>

Су сапасын жақсарту әдістері ұсынылды

05.06.2023

ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО ка­фе­драсының студенттері, магистранттары мен оқы­ту­шылары сумен жабдықтау және санитария сала­сын­дағы экологиялық реттеу және бақылау тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып, Дүние­жү­зілік су ресурстары күнін атап өтті.

Ары қарай оқу >>