«Замандас сыры» байқауы жарияланды
Көрулер: 153

Көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Замандас сыры» республикалық студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар арасында байқау жарияланды.
Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған байқау ережесіне сәйкес, студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар, жас ғалымдар құқықтық, этика тақырыптарындағы журналистік зерттеулер, детектив жанрына арналған ғылыми шығармашылық жұмыстарын жолдай алады. Байқау жұмыстары биыл 29 қыркүйекке дейін қабылданады.
Байқауға детектив жанрындағы журналистік зерттеу, жазушының әдеби мұрасына арналған ғылыми-зерттеу жұмысы, құқықтық-этикалық тақырыпта жарияланған репортаж номинациялар бойынша қатысуға болады.
Байқау материалдары zamandas.syry@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. Іріктеуден өткен өтінімдер ашықтық қағидасына сәйкес, Telegram платформасындағы «Замандас сыры» байқауы» каналында (https://t.me/zamandassyry) жарияланады. Желі қолданушылары жарияланған материалдармен танысып, өз пікірін қалдыра алады.
Байқау комиссиясының құрамында журналистер, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері бар. Жеңімпаздарға арнайы жүлделерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тағайындап отыр.