ҚазҰУ жолдауға жаңаша қолдау көрсетті
Көрулер: 163
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кешінде білім алушы жастар арнайы лазерлік шоуды тамашалады.
Бірінші курс студенттері мен барлық қатысушылар үшін ғимарат қабырғасында жолдаудың тезистері мен негізгі бағыттары ұсынылды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, лазерлік шоудың мағыналық мәні бар және сол арқылы әрбір студент пен шараға қатысушы өз елінің болашағы – жаңа Қазақстанды құруда жауапкершілікті сезініп, тиісті ой қорыту.
Лазерлік шоуда «Қазақстан» және «Біртұтас ұлт», «Берекелі қоғам», «Әділетті Қазақстан», «Farabi University», «Көшбасшы университет», «Адал азамат» сөздері жазылды. Сондай-ақ цифрлық технологиялардың көмегімен жасалған сюжеттен ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңба, Алматы және ҚазҰУ логотипі, оқу ордасындағы ғимараттар мен Әбу Насыр әл-Фарабидің бейнесі көрсетілді.
Шарада ҚазҰУ-дың 16 факультетіне тән түрлі құрылғылар мен көріністер көрсетіліп, білім алушы жастарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі