Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша XCSS — CROSS COUNTRY SKIING SAND Компаниясының Президенті (Париж, Франция) Эстель Пейеннің көшбасшылық дәрісі өтті
Көрулер: 148

2023 жылдың 25 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да XCSS — CROSS COUNTRY SKIING SAND Компанисының Президенті (Париж, Франция) Эстель Пейеннің «Қазақстанның мұрасын сақтау үшін спорт және ынтымақтастық құндылықтарын, тұрақтылық пен қоғамдастықтың климатқа бейімделуінің негізгі элементтерін ілгерілету: «Climate can't wait» XCSS жобасының мысалында» тақырыбында көшбасшылық лекциясы өтті.
Эстель Пейен - биохимия ғылымдарының магистрі, «агроазық-түлік өнеркәсібі менеджменті» мамандығының магистрі. Спорттық тамақтану және қоректік заттардың фармакологиясы бойынша сертификатталған маман, тамақтану, денсаулық, өнімділік, экспедициялар туралы мақалалардың авторы.
Эстель Пейеннің компаниясының қызметі спортты біріктіруші және қозғаушы вектор ретінде пайдалана отырып, климаттың өзгеруі туралы хабардарлықты арттыруға және климаттың өзгеруіне қарсы шешім табуға бағытталған. Жоба БҰҰ - ның жаһандық бастамасының бөлігі ретінде ТДМ №3 – жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ №5 - гендерлік теңдік, ТДМ №6 - таза су және санитария, ТДМ №13 - климаттың өзгеруіне қарсы күрес, ТДМ№15 - құрлық экожүйелерін сақтау мақсаттарына жетуіне бағытталған. Жоба 2023 жылғы маусымда су тапшылығы мәселелеріне арналған Астана халықаралық форумының (АХФ) панельдік сессиясында ұсынылған.
Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл туралы хабардарлықты арттыратын жоба жасанды қарды пайдаланудың орнына құмда және басқа жабындарда шаңғымен сырғанауды ұсына отырып, спортқа ерекше көзқарас ұсынады. Келесі жылдың маусым айында Қазақстанда жоспарланған жобаның үшінші кезеңі экотуризмді ілгерілетуге және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша алыс аудандардың пайдалы мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.