ҚазҰУ Париждегі ЮНЕСКО форумына қатысуда

15.11.2023

Көрулер: 113

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде, Париж қаласында ЮНЕСКО-ның ХІІІ жастар форумы өтуде. Форумға Қазақстан тарапынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Танабекова қатысуда.

ЮНЕСКО жастар форумының мақсаты – климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдарына және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібінде белгіленген экологияның нашарлауына, жаһандық жылынуға байланысты мәселелерді шешу қажеттілігіне назар аудару.

Іс-шара барысында жастар тәжірибе алмасып, пікірталастарға қатысады. Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның бас конференциясы кезінде мүше мемлекеттермен өз ұсыныстары мен шешімдерін бөліседі.

Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне, әсіресе жастар қауымының алаңдаушылығы жоғары. Себебі климаттың нашарлауы олардың болашағына қауіп төндіреді. Экологиялық залалмен қатар, климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдары бар.

Жастар климаттың өзгеруіне оң әсер ету үшін қажетті инновацияларды енгізуге үлес қосуы тиіс. Алайда оларға өз идеяларын тиімді іс-әрекетке айналдыру, интеллектуалдық әлеуетін толық іске асыру үшін ресурстар мен кеңістік жетіспейді. Сондықтан осындай форумдар жастардың инновациялық идеяларының іске асуына жол ашады.

Халықаралық форумға Қазақстан, Австралия, Ирландия, Морокко, Корея, Франция, Малайзия және т.б. елдердің жастары қатысып, экологиялық мәселелер төңірегіндегі ойларын ортаға салуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі