ҚазҰУ студенті – бокс чемпионы

20.11.2023

Көрулер: 115

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Дамир Тойбай бокстан Астана қаласында 13-19 қараша аралығында өткен VI жазғы спартакиадада үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Нәтижесінде Дамир Тойбай +92 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Спартакиада жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі