ҚазҰУ студенті – дзюдодан қола жүлдегер

20.11.2023

Көрулер: 106

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің 3-курс студенті Аружан Ережепова  2023 жылдың дзюдо күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 52 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Дзюдо додасы 16-19 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтті.

ҚазҰУ спортшысына алдағы жарыстарда да табыс тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі