ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
31.12.2023
Көрулер: 109

- Жансейіт Түймебаев ғалым, механика-математика факультетінің профессоры Күләш Қалиевамен кездесу өткізді. Ректор профессормен бірге Қазақстандағы қытайтану мәселелері мен ғылыми зерттеу бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
- Республикалық «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы 2023 жылғы «Жыл адамын» анықтады. Сауалнама қорытындысы бойынша «Жыл ректоры» атағына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы лайық деп танылды.
- ҚазҰУ басшысы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.