ҚазҰУ ғалымы Жошы ұлысы туралы 10 дерек әзірледі

31.01.2024

Көрулер: 99

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетіндегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев пен «Qazaqstan» РТРК АҚ-мен бірлесіп, Жошы ұлысы туралы 10 дерек әзірледі.

Деректе Жошы ұлысына қатысты айтулы даталар, тарихы оқиғалар, ұлысты басқарған хандар мен маңызды  кезеңдер қамтылған.

Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толып отыр. Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін атаулы дата  аясында атқарылатын жұмысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында айтқан болатын.

«Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа», - деді Президент.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі