Al-Farabi Бизнес Мектебі Ұлыбританияның Бизнес мектептері қауымдастығының мүшесі атанды
Көрулер: 89

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Al-Farabi Business School халықаралық Бизнес мектеп түлектері қауымдастығының (BGA) – Business Graduates Association) мүшесі атанды.
BGA – 2019 жылы негізі қаланған, әлемге танымал MBA қауымдастығының серіктесі. Штаб пәтері Лондонда орналасқан. Аталған қауымдастық дүние жүзінің алдыңғы қатарлы әрі жылдам дамушы, жауапкершілікпен басқару тәжірибесі бар, үздіксіз білім алу мен қоғамға пайда әкелуге ұмтылатын бизнес мектептерді біріктірген. BGA-дің ішкі жарғысы Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму бағдарламасының негізінде құрылған.
BGA-ге мүшелік ету арқылы Al-Farabi Business School жаһандық білім беру қауымдастығындағы әр түрлі университет, бизнес мектептермен тығыз байланыста бола алады.
Сонымен қатар, келесі қадам ретінде Al-Farabi Business School білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартып, студенттерге бірегей мүмкіндік ұсынатын аккредитация алуды жоспарлайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі