ҚазҰУ студенттерді «Hackathon Digital Farabi 2024» байқауына шақырады
Көрулер: 129

Құрметті студенттер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Hackathon Digital Farabi 2024» жарысына қатысуға шақырады!
Байқау «Digital Farabi 2024» халықаралық цифрлық форумы аясында өтеді.
Өтетін орны:
23 ақпан 2024 ж., сағат: 09:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 3-қабат (эл. кітапханасы)
- IT саласы мамандарының кейстері, баяндама.
- Тапсырмалар бойынша топтық презентациялар. Нәтижелерді көрсету.
- Жеңімпаздарды естелік (бағалы) сыйлықтармен марапаттау.
Байланыстағы тұлға: Жанар Медетбек, +7 (727) 377-33-30, ішкі нөмір:1579., zhanara.medetbek@gmail.com
Тіркеу формасы: https://docs.google.com/forms/d/1jXLqSvHGdW-6I9bagOglsWufs1C8TsZY068ClNhageY/edit
Біз сізді күтеміз! (ССЫЛКА)
«HACKATHON DIGITAL FARABI 2024» ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1-тақырып. «Интернеттен деректердің бұзылуын бақылау және ескерту жүйесін әзірлеу». MSSP Global IT-компаниясы (ССЫЛКА).
2-тақырып. «IT-компаниясында ішкі бағалау (grading) жүйесін жақсарту». ONE technologies IT-компаниясы (ССЫЛКА).
3-тақырып. «Мәтіндік деректерді өңдеудің интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін әзірлеу». Интеллектуалды жүйелердің компьютерлік инженерия зертханасы, АжЕТИ, (ССЫЛКА).
4-тақырып. «Терең нейрондық желілерді пайдалана отырып, стеганография әдістерінің классификация моделін жасау». Torus IT-компаниясы, (ССЫЛКА).
5-тақырып. «Желілік деректерді талдау, жіктеу және бақылау әдісін әзірлеу». Torus IT-компаниясы, (ССЫЛКА).
6-тақырып. «Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде киберэкстремизмді анықтау үшін модельдер әзірлеу». Torus IT-компаниясы, (ССЫЛКА).
7-тақырып. «Жеңіл LBC шифрлау алгоритмі арқылы файлдарды шифрлауға арналған Android ОЖ негізіндегі мобильді қосымшаны әзірлеу». ҚР МҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы, (ССЫЛКА).
Ақпараттық технологиялар факультеті