ҚазҰУ Қытай ғалымдарымен ортақ жобаларды іске асыруда
Көрулер: 94

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға бірлескен зертхана ашу мәселесін талқылау үшін ҚХР Ғылым Академиясының Шыңжаң экология және география институтының делегациясы келді.
Басқарма мүшесі-ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмила Айтжанова Қытай делегациясына қаңтар айының соңында Үрімші қаласында ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық көрмесін ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
ҚХР Ғылым Академиясының Шыңжаң экология және география институтының делегациясымен кездесу барысында «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы» үшін ғимаратты дайындау және оны ашу мерзімін және басқа да мәселелерді талқыланды.
Тараптар сондай-ақ «Belt and Road Initiative» шеңберінде «табиғи ресурстарды қашықтықтан мониторингтеудің типтік технологиясын бірлесіп әзірлеу және қолдануды көрсету» атты бірлескен халықаралық жоба бойынша сұрақтарды саралады.
Айта кету керек, ҚХР Білім вице-министрі Сун Яо мырзаның шақыруымен 2024 жылғы 25-27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғаш рет Үрімші қаласында (ҚХР) ғылыми-инновациялық көрме өткізді. Іс-шараға 196 ректор мен жергілікті университеттердің ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, 600-ден астам қытайлық жоғары оқу орындарының өкілі, ірі өндірістік 40 –тан астам кәсіпорын мен екі елдің дипломатиялық корпусының басшылары, ғалымдар мен кәсіпкерлер жиналды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі