ЦУР 4; Республикалық деңгейдегі "Менің бауырым" жобасы қолға алынды!
21.02.2024
Көрулер: 117

Қазақстан елінің Президенті жарлығымен Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамасымен республикалық деңгейдегі «MENІŃ BAÝYRYM» жобасы қолға алынды.
«MENIŃ BAÝYRYM» жобасының еріктілері алдымен арнайы тренингтерден өтіп, мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу жөнінде тәлім алды. Олардың жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектепішілік қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтиды.
Семинар-тренингте студенттерге педагогикалық және психологиялық білім беріліп, арнайы жаттығулар жасалды