ҚазҰУ Қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті

15.02.2024

Көрулер: 117

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім ордасының Қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Басқосуға кеңес мүшелері – ҚР Жоғарғы сотының экс-төрағасы, заң ғылымының докторы Мұсабек Әлімбеков, әділет генерал-майоры Мұхтар Жөргенбаев, медицина ғылымының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев, «Парасат» кəсіподақ ұйымының төрағасы, профессор Талғат Мекебаев,  университет ректорының кеңесшісі, профессор Еркін Дүйсенов қатысты.

Қоғамдық-консультативтік кеңес мүшелері ҚазҰУ-дың даму жоспарын талқылады. Қатысушылар оқу ордасындағы соңғы үш жылда жеткен жетістіктерін саралап, болашақта жүзеге асырылатын негізгі жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде профессор Еркін Дүйсенов сөз сөйлеп,  ҚазҰУ-ды дамытудың 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілгенін жеткізді.

Сондай-ақ кеңес мүшелері отырыста студенттердің медициналық деректерінің әлеуметтік желіде тарап кетуіне қатысты мәселені талқылады. Отырысқа қатысушылар ҚазҰУ-дың «Smart Health University City» клиникасымен келісімшартты бұзу туралы шешімін қолдайтындықтарын жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі