Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары
Көрулер: 140
Университеттің Сәйкестікті бақылау қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастырған квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинарына қатысты.
Екі күндік семинардың спикерлері Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сарапшылар мен тәжірибелі мамандар болды.
Семинарға қатысушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілетін түзетулермен танысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың, жоюдың ішкі процестері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қажетті жүйелі шаралар бойынша практикалық ұсынымдар берілді.