"Абайдың парасат әлемі" атты ғылыми монографиясының тұсаукесері
27.02.2024
Көрулер: 113

27 ақпанда Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Салқынбай Анар Бекмырзақызының "Абайдың парасат әлемі" атты ғылыми монографиясының тұсаукесері өтті. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, тілтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.