Халықаралық турнирде топ жарды

26.03.2024

Көрулер: 97

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факуль­те­тінің студенті Бек Аңдаусызов Үндістанда өткен кикбоксингтен INDIA OPEN 3rd халықаралық турнирінде топ жарып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
ҚазҰУ-дың физика-техника­лық факультетінің 1-курс сту­ден­ті Ос­пан Мәккә самбо күресінен жас­өспірімдер арасындағы Ал­ма­ты қаласының чемпио­на­тында 80+ келі салмақта жеңімпаз атан­ды.
ҚазҰУ спортшыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі