12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні!
Көрулер: 63

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, жас ғалымдар!
Сіздерді 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте: «Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті – бұл ғылым. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі», – деп атап өтті. Президент «ғылымды дамыту – Қазақстанның аса маңызды басымдығы болып қала беретінін» айтып, жасанды интеллект, цифрлық технологияларға ерекше басымдық берді.
Кез келген мемлекеттің өркендеп, дамуында ғылым аса маңызды рөл атқарады. Бүгінде елімізде ғылымға ерекше назар аударыла бастады. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды іске асыруға, экономиканы дамытуға, өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор ықпалын тигізуде. Бұл ретте ғалымдарға үлкен жауапкершілік артылуда.
Елімізде білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми бағыттағы барлық қызметі осы тұжырымдама аясында іске асырылады. ҚазҰУ ғалымдары жаңа Қазақстанды қалыптастырып, еліміздің болашағын құруға белсенді қатыса алатынына сенімдімін.
Ғылым жолындағы межелі белестерді бірге бағындыра берейік. Әрбір жаңа күн бірегей идеяларға, жаңа ғылыми жетістіктерге, пайдалы әрі керемет жаңалықтарға толы болсын.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ