ТДМ 3 ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ
11.04.2024
Көрулер: 70

Халқымыздың басына түскен қиын қыстау заманда әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылар құрамы, су тасқыны нәтижесінде зардап шеккен аймақтар тұрғындарына қолдарынан келгенше қол ұштарын беріп жатыр. Аталған аймақтарға жылы киімдер, рәзеңке етіктер, су тасқыны салдарын тазалауға арналған күректер, жұмыс қолғабы, қаптар жөнелтілді. Аталған іс шараға факультет басшылығы да ат салысып, қатысты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.