ҚазҰУ ғалымы Тбилисидегі жасанды интеллект семинарына қатысты
Көрулер: 116

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мәдина Мансұрова Илии мемлекеттік университетіне (Тбилиси, Грузия) іссапармен барды.
Сапар барысында ол Вашингтон университеті мен Илии мемлекеттік университеті бірлесе қаржыландыратын халықаралық жоба аясында ұйымдастырылған Informatics and Data Science for Health халықаралық аймақтық семинарға қатысты.
Семинарда Мәдина Есімханқызы денсаулық сақтау саласында ақпараттық технологияларды қолданудың жаңа тәсілдерін әзірлеудегі тың идеялар айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Айта кету керек, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасында «Медицинадағы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.
Бұл семинар озық технологияларды қолдану арқылы медициналық қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандары арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі