ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

19.05.2024

Көрулер: 82

  • Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен бірге «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 
  • Оқу ордасының басшысы Солтүстік-батыс политехникалық университетінің вице-президенті Юэ Сяокуймен кездесу өткізді.
  • Ректор Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов және іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі менеджер Шон Перейрамен жүздесті. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Сергей Христолюбовтың «ҚазҰУ-дың 2024 жылғы әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингтеріндегі нәтижелері – QS WUR by Subject 2024» тақырыбындағы дәрісіне қатысты.
  • ҚазҰУ ректоры шығыстану факультетінде «Араб тілі мен мәдениеті» залын ашты. 
  • Жансейіт Түймебаев білім ордасына жұмыс сапарымен келген Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Хунг Джун бастаған делегациямен келіссөз жүргізді.
  • Білім ордасының басшысы Чехияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Павел Шепеляк бастаған делегациямен кездесті.
  • Ректор тарих ғылымының докторы, профессор Уахит Шалекеновтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Археология, этнология және музеология контексіндегі тарих ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Түймебаев Халықаралық Гуджранвала ғылым, өнер және технология институтының ректоры және Sialkot университетінің басқарма төрағасы Файсал Манзур бастаған делегациямен кездесті. 
  • Оқу ордасының басшысы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болып, қабылдау комиссиясының дайындығымен танысты.
  • Жансейіт Түймебаев Steppe Global Education білім беру орталығының басшысы, Халықаралық білім беру институтының (IIE) Орталық Азиядағы өкілі Джоэл Эриксон және «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаевпен кездесу өткізді.
  • Ректор түркітанушы, филология ғылымының докторы, профессор Алтай Аманжоловтың 90 жылдығына арналған «Аманжолов оқулары – 2024» I халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда баяндама жасады. 
  • Жансейіт Түймебаев қалашықтағы жатақханаларды аралап, қызметін тексерді.
  • ҚазҰУ басшысы қалашықта құрылысы жүріп жатқан «Farabi HUB» орталығының құрылыс барысымен танысты.
  • Оқу ордасының ректоры Әзірбайжанға жұмыс сапары аясында Баку мемлекеттік университетінің ректоры Элчин Бабаевпен кездесті.