4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

04.06.2024

Көрулер: 73

Құрметті Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

білім алушы жастары!

 

Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:

«Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – мемлекетіміздің мәртебесі, халқымыздың ар-намысы. Олар алға қарай нық қадам басып, биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді», – деп атап өткен болатын.

Расында рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.

Сондықтан да, бұл күн - барша қазақстандықтар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі!

Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін!

Шаңырақтарыңызға  құт-береке, еңбектеріңізге табыс, жақындарыңызға амандық тілеймін.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ