Ректор студенттерді ҚазҰУ-дағы соңғы өзгерістермен таныстырды
Көрулер: 86

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев философия және саясаттану факультетінің студенттерімен еркін форматта кездесіп, әңгімелесті.
Сұхбат барысында оқу ордасының басшысы университеттегі соңғы жаңалықтармен таныстырып, ҚазҰУ-дың әлемдік QS халықаралық рейтингінде 163-орынға көтерілгенін айтты.
Сонымен қатар өз сөзінде ректор ҚазҰУ стадионы күрделі жөндеуден өтіп, ашылғанын және Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында толық жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Білім ордасының ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында «Фараби» заманауи обсерваториясы, Қытай-Қазақстан біріккен қашықтықтан зондтау зертханасы, Тұрақты даму мақсаттарының түрлі бағытын жүзеге асыруға арналған ғылыми зертханалар ашылғанын атап өтті.4
Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев барлық жұмыстар мен бастамалар студенттердің игілігі үшін жасалып жатқанын баса айтты. Ректор жастарды сапалы білім алуға және ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі