ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
16.06.2024
Көрулер: 45

- Жансейіт Түймебаев Ғылыми кеңес отырысын өткізді. Жиында 2023/24 оқу жылының көктемгі семестрі емтихан сессиясының қорытындылары талқыланды.
- Ректор итальяндық ғалымдар, профессор Марко Чекарелли және Матео Руссомен жүздесті.
- Жансейіт Қансейітұлы «Құқық –аймақтық экономикалық интеграцияның негізі ретінде» тақырыбындағы II Орталық Азия халықаралық құқықтық форумына қатысып, сөз сөйледі.
- ҚазҰУ басшысы СИБУР корпоративтік университетінің жобаларды дамыту бойынша басшысы Александр Сесоровты қабылдады.
- Жансейіт Түймебаев философия және саясаттану факультетінің студенттерімен еркін форматта кездесіп, әңгімелесті. Сұхбат барысында оқу ордасының басшысы университеттегі соңғы жаңалықтармен таныстырып, ҚазҰУ-дың әлемдік QS халықаралық рейтингінде 163-орынға көтерілгенін айтты.
- ЖОО басшысы Сингапурдағы Akhter Studios компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
- Оқу ордасының ректоры барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.