ҚазҰУ отандық рейтингте көш бастады

19.06.2024

Көрулер: 69

Observatory on Academic Ranking and Excellence (IREG) аккредиттелген Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) өткізетін ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының 2024 жылғы тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің басқа ұлттық жоғары оқу орындары арасында ең көп балл жинаған бірінші және үздік университет болып танылды.

2024 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ның сұраныстың тәуелсіз рейтингінде бағаланатын барлық білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге дейін өсті. Жүлделі орындар саны бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көшбасшы атанды – университет 337 374 балл жинап, «ҚР Топ-20 ЖОО» көшбасшыларының үштігін басқарды.

Қазақстан Республикасының ЖОО-ның сұраныстың тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үздік үш ЖОО қатарына:

– Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (287 460 балл);

– С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (134 352 балл) кірді.

IAAR рейтингінің нәтижелерін талдау өткен жылмен салыстырғанда халықаралық студенттік олимпиадалар жүлдегерлерінің саны бойынша 14 пайызға оң өсу қарқыны байқалғанын көрсетті. «Алыс шетелден шақыртылған оқытушы» индикаторы бойынша бұл көрсеткіш 23 пайызға артты. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысу дәстүрлі түрде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Тұран университеті сияқты жоғары оқу орындарында атап өтіледі.

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артқан. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінің индекстелуінің жоғары көрсеткіштерін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті көрсетті.

Білім беру бағдарламаларының сандық рейтингі 1650 білім беру бағдарламаларының рейтингін және ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы ұлттық рейтингке қатысу білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді және білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың танылуы және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы жұртшылықты хабардар етуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасының сұранысқа ие ЖОО-ның тәуелсіз рейтингі – 2024» нәтижелері туралы толық ақпаратты веб-сайтта: https://iaar.agency/rating/1/0/2024 табуға болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі