ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Көрулер: 30
Құрметті мұғалімдер, ардақты ұстаздар қауымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Мемлекет басшысы Ұстаздар күніне арналған салтанаты жиында «Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді.
Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ.
Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан», – деп атап өтті.
Білім мен тәрбиені ұштастырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелген.
«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады», – деген ұлы Абай ұлағатын өмірлік ұстанымға айналдырған ұстаздар қауымы қандай құрметке де лайық.
Жаңа, Әділетті Қазақстанның білімді болашағын қалыптастыру жолындағы игі бастамаларыңыз жемісті болсын.
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ



