ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми конференция өткізуге байланысты келіссөз өтті
Көрулер: 36
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің басқарма басшысы Николай Овсиенко және тарих ғылымының докторы, Ресей ғылым академиясы Шығыс зерттеулері институтының Шығыс тарихы бөлімінің меңгерушісі Александр Васильевпен кездесу өткізді.
Тараптар 2026 жылы ҚазҰУ базасында халықаралық ғылыми конференцияны бірлесіп ұйымдастыру мәселесін талқылады. Сонымен қатар алдағы іс-шараның жұмыс жоспарын бекітті.

Жүздесуде Николай Овсиенко конференцияның тарихи тақырыпқа арналатынын атап өтті. Оның айтуынша, биыл Әзірбайжанның Баку қаласында тоғыз мемлекеттің қатысуымен ауқымды ғылыми шара сәтті өткен. Келер жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін конференция жұмысына бұдан да көп мемлекеттен делегация келеді деп күтілуде.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев халықаралық шараны жоғары деңгейде өткізу үшін ҚазҰУ тарапынан барлық қажетті ұйымдастырушылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін айтты.

Келіссөз нәтижесінде қос тарап алдағы уақытта жұмыс тобын құрып, жан-жақты талқылау жұмысын жүргізуге уағдаласты.
Кездесуден соң құрметті қонақтарға арнайы тур ұйымдастырылып, ғылыми конференцияны өткізуге арналған алаңдар мен залдар көрсетілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі



