КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

14.03.2024

Просмотров: 122

Құрметті Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен білім алушы жастары!

Сіздерді Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл мерекенің халқымыз үшін айрықша орны бар.

Ежелден бастау алған Көрісу күні тарихта қайта жаңғырып, бүгінде халықтық мейрамға айналды.

Бұл –  игі істеріміз бен ізгі амалдарымыздың, бауырмалдық салтымыздың жарқын көрінісі.

Көктемнің бұл кезеңін ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып…» деген жыр жолдарымен айшықтаған.

Амал мерекесі – халқымыздың бірлігін нығайтып, ағайынның ынтымағын арттыратын тамаша дәстүр.

Биылғы Көрісу күні мен Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айымен қатар келіп отыр.

Ұлттық құндылықтарымызды бағалап, халқымыздың рухани байлығын арттыра берейік.

Шынайы ниетімізбен өткенге салауат айтып, ақ тілегімізбен жаңа Амалды қарсы алайық.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ