Профессор Сайлаубек Тынышбекұлы Әлібековтың "Қазақстанның кеден саласы: жағдайы мен болашағы" тақырыбында қонақ дәрісі өтті
Просмотров: 81

2024 жылдың 17 сәуірінде Заң факультетінде кеден құқығы саласындағы белгілі заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің профессоры Сайлаубек Тынышбекұлы Әлібековтың "Қазақстанның кеден саласы: жағдайы мен болашағы" тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Өз сөзінде студенттерді кедендік, салықтық құқық, сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу, ЕурАзЭҚ-тағы экономикалық қатынастар саласындағы жарияланған еңбектерімен таныстырды.Қонақ дәрісті ұйымдастырушы - кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы. Дәріс барысында Қазақстан Республикасының кеден жүйесінің пайда болу тарихы мәселелері талқыланды. Қазақстанның кеден саласының пайда болуы мәселесі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.