ҚазҰУ ғалымдары Оңтүстік және Орталық Азиядағы ұлт құрылысы мәселелерін талқылады

05.04.2024

Көрулер: 180

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Оңтүстік және Орталық Азиядағы ұлт құрылысы: этностық, дін, дәстүр» атты халықаралық конференция өтті. Жиында этникалық, этноконфессиялық үрдістердің қазіргі қоғамдағы Оңтүстік Азияның ұлттық ынтымақтастығына әсері сараланды.

Шараға Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы ресми өкілдігінің басшысы, екінші хатшы Свапнил Котхаваде, Лондон университетінің SOAS Шығыстану және африкатану мектебінің саясат және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, PhD, профессор Мэттью Нельсон, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан университеттерінен шетелдік ғалымдар, ОПҚ, Қазақстан ғалымдары, докторант-магистранттар және білім алушы жастар қатысты.

Шараның ресми ашылу салтанатында сөз алған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова: «Шығыс елдерінде, атап айтқанда: Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан және Орталық Азиядағы ұлт құру мәселесін зерттеудің маңызы зор. Оңтүстік Азия өңірінің дамуына байланысты ғылыми ізденістер әлі де Қазақстан мен Орталық Азия құпияға толы мекен (terra incognita) дегенге саяды. ҚР ҒЖБМ ғылыми жобасы аясында ҚазҰУ-да Оңтүстік Азияны кәсіби деңгейде зерттейтін зерттеушілер тобы жұмыс істейді. Олар іс жүзінде Қазақстанда өңірді кросс-тәртіптік контексте дамыту мәселелерімен айналысатын бірен-саран зерттеушілер болып табылады», – деді.

Іс-шарада ғылыми жобаның жетекшісі, т.ғ.д., профессор Лаура Ерекешева да сөз сөйледі. Оның айтуынша, конференция тақырыбының өзектілігі Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан әлемдік саясатта, экономикада, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікте маңызды рөл атқарады. Үндістан, Пәкістан және Ауғанстанның тарихи өткені ортақ маңызды ерекшелік болып табылады. «Конференция Оңтүстік Азия қоғамының даму ерекшеліктерін қарастырады және Қазақстанда Оңтүстік Азия зерттеулерінің дамуына серпін береді. Бұл бағыт әлі де аз зерттелген, бірақ практикалық тұрғыдан өте маңызды зерттеу саласы саналады», – деп атап өтті профессор Л.Ерекешева.

Әрі қарай секциялық отырыс аясында ғалымдар жүргізілген зерттеулер, далалық өлшеулер және ғылыми іссапарлардың нәтижелерін ұсынып,  этникалық және кландық-тайпалық мозаика, ресми институттар мен этникалық діни процестердің ерекшеліктерін жан-жақты талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі